«Елбасы - дәуір адамы» мәдени сторителлингі

Мәдени сторителлинг (сторителлинг – әңгімелеу өнері, онда баяндаушы аудиторияға ақпарат, білім немесе даналық береді, былайша айтқанда, әңгімелер айтады) Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде бөбекжай-балабақша педагогтарының қатысуымен ұйымдастырылған.

Өз сөзінде педагог О.В. Бекирова еліміздің тәуелсіздіктің 30 жылындағы негізгі жетістіктерін және стратегиялық көзқарасы Қазақстанның заманауи келбетін анықтаған Тұңғыш Президенттің жеке тұлға факторын атап өтті. Сондай-ақ, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған және республиканың саяси және білім беру саласын жаңғыртуға бағытталған реформаларды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Іс-шара барысында педагогтар Н. Назарбаевтың елдің қалыптасуы мен даму тарихындағы рөлін, Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктері мен басымдықтарын және т. б. талқылады.

02.12.2021
Қараулар: 69