Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында бекітілді.

Балабақшадағы Тұңғыш Президент күніне арналған барлық іс-шаралар Қазақстанда демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды құрудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін жариялауға; ұлтаралық келісімді сақтауға және нығайтуға, Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігін қамтамасыз етуге, демократиялық құқықтық мемлекет құру бойынша Қазақстанның жетістіктерін насихаттауға бағытталған.

30.11.2021 жылы барлық жас топтарында «Н.Ә. Назарбаев - Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті» тақырыбына арналған тәрбие сағаттары өтті, Тұңғыш Президент күніне арналған «Президенттің жетістіктері», «Елбасы — ел тірегі» фотокөрмесі өтті, педагогтар осы күнге арналған мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шаралар патриоттық сипатта өтті және жақсы деңгейде өтті. Балалар ойнап, ән айтып, викторина мен жарыс эстафеталарына қатысты.

Алдағы уақытта біз «Болашақ Қазақстандықтарын»- ел патриоттарын оқу жылы бойы тәрбиелеу бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз, өйткені біздің мақсатымыз – Қазақстандық патриотизмді, яғни кіші Отанға, содан кейін – Отанға – Қазақстан Республикасына, халыққа, ана тіліне, халық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

30.11.2021
Қараулар: 80